Bugin

Қарағандыда Exit Рoll өкілдері әлеуметтік сауалнама жүргізіп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қарағандыда Exit Рoll өкілдері әлеуметтік сауалнама жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz сайты Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Арна мәліметінше, Exit Рoll өкілдері әлеуметтік сауалнама нәтижесінде қай кандидаттың басым дауыс жинағанын болжамды түрде жариялайды.

«Ашық қоғам» аймақтық зерттеулер халықаралық институты қоғамдық қоры да сайлауда дауыс берген азаматтар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізіп жатыр. Саяси шараның алдын ала қорытындысын және қатысушылардың белсенділігін білу үшін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Exit Рoll-ға тапсырыс берді.

«Ашық қоғам» институты Exit Рoll жүйесі бойынша республиканың барлық аймағындағы 354 сайлау учаскесін қамтиды және нәтижесін Ұлттық арна эфирінен түнгі сағат 00:00-ден кеткенде жариялайды» делінген ақпаратта.

Халық арасында сауалнама жүргізу қызметін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы коммерциялық қаржы есебінен төледі.